BI Group компаниясы Nur Alem павильонын Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына толық қайта бейімдеуді аяқтады

Жоба Орталық Азиядағы архитектуралық мұраны трансформациялаудың ірі кейстерінің біріне айналды. Бастапқыда болашақ энергиясының музейі ретінде салынған ғимарат енді жасанды интеллекті дамыту платформасы ретінде жаңа функцияға ие болды. Ол білім беру, ғылым, стартап-экожүйесін және қолданбалы технологиялық шешімдерден тұрады. Бүгінде ғимарат толықтай AI-ға бағытталып, бастапқы білім беру беретін, өнеркәсіптік шешімдерді енгізетін орта қалыптастырады.
Alem.AI - сегіз қабатты толыққанды экожүйе. Білім беру, ғылым, кәсіпкерлік және мемлекеттік басқаруға арналған. Бәріне ашық кеңістік, жасөспірімдерге арналған креативті технологиялар орталығы, жасанды интеллект мектебі, стартаптарға арналған кампус, зерттеу зертханалары, сондай-ақ елді интеллектуалды басқаруға арналған AI-Driven Government орталығы бар. Мұндай құрылым технологиялармен алғаш танысу үшін, экономика мен мемлекеттік процестерде қолдану үшін мүмкіндік береді.
Жоба тек ұлттық деңгейде емес, халықаралық деңгейде де маңызды. Орталық іске қосылғаннан бері оны шетелдік көшбасшылар мен ресми делегациялар аралап, инфрақұрылыммен, білім беру бағдарламаларымен және демонстрациялық аймақтармен танысты. Шетелдік мемлекеттер мен халықаралық ұйым өкілдерінің тұрақты сапарлары Қазақстанға жасанды интеллект дамуының қалыптасып келе жатқан орталығы ретінде қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл Alem.AI-ді өңірдегі технологиялардың маңызды орталығына айналдырады.
Жобаның маңыздылығы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары барысында да аталды. Ол нысанды трансформациялау бойынша атқарылған жұмысқа жоғары баға беріп, оның елдің цифрлық экономикасын дамытудағы және жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік басқаруға енгізудегі стратегиялық рөлін ерекше атап өтті.
Alem.AI алаңында Президент Astana Smart City жобасын бастап, жасанды интеллект саласындағы білім беру бастамаларын кеңейтуді қолдады. Бұл орталықтың ұлттық цифрлық трансформацияның практикалық инфрақұрылымы ретіндегі мәртебесін нығайтты.
Бірегей геометриясы бар нысанды қайта құру үшін күрделі инженерлік шешімдер және үлкен команда қажет болды. Жұмыс басталар алдында ғимараттың конструкциялары мен инженерлік жүйелерінің жағдайын бағалау үшін техникалық тексеру жүргізілді, сонымен қатар алаңды дайындау және жобаның логистикасын ұйымдастыру қатар жүрді. Ерекшелігі – гибридті жобалау моделі: халықаралық Sila Sveta командасы экспозициялық концепцияға, мультимедиялық контентке және қоғамдық кеңістіктердің визуалына жауап берді, жергілікті дизайнерлер қабаттардың интерьерін әзірледі. Бұл жергілікті контексті ескеруге және жобаны жылдам іске асыруға мүмкіндік берді.
Көп жұмыс BIM 360 цифрлық жүйесі арқылы және жобаны басқару моделімен жасалды, күнделікті жиналыстар, жауапкершілікті бөлу және нысандағы жұмысты тұрақты бақылау жүргізілді.
Жоба жетекшісі Даян Рысбеков:
«Негізгі жетістіктердің бірі – күрделі дизайнерлік және мультимедиялық шешімдерді реконструкция процесіне біріктіру. Әдетте мұндай элементтер соңында қосылады, ал бізде олар негізгі құрылыс жұмыстарымен қатар жүрді. Ең үлкен жетістік, соңғы айда барлығы бір жүйе ретінде жұмыс істей бастады: жарық, дыбыс, экрандар, желдету, контент. Біз залдың ортасында тұрып, бәрінің үйлесімді жұмыс істеп тұрғанын көрдік. Бұл керемет болды», – деп атап өтті.
Жоба барысында заманауи инженерлік шешімдер қолданылды. Соның ішінде SABO модульдік жүйесі. Ол дәнекерлемей, болттарға көшу арқылы монтажды жеделдетуге және конструкцияның дәлдігін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл кеңістікті күрделі архитектуралық және технологиялық шешімдерге бейімдеді.
Жоба қысқа мерзімде, 10 ай ішінде жүзеге асырылды. Бұл дәл жоспарлауды, мердігер ұйымдардың үйлесімді жұмысын және жедел басқаруды талап етті. Құрылыс процесіне мультимедиялық шешімдерді біріктіру де күрделірек етті, барлық жүйелердің өзара дәлдігі аса маңызды болды.
Alem.AI жобасының аяқталуы EXPO-дан кейінгі инфрақұрылымның жаңа даму кезеңін ашып, Астананың Еуразиядағы жасанды интеллект орталықтарының бірі ретінде қалыптасуын нығайтады. Жоба ірі архитектуралық нысандарды технологиялар, білім және инновациялар арқылы болашақ экономикасына қайта бейімдеуге болатынын көрсетеді.







